A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:20 0

Риддердегі «Эдельвейс» тау-шаңғы кешені қайта жаңғыртылса, туристер жыл бойы демалады

Бүгін / Риддер

Туристік нысанның құрылыс барысымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған жоба Риддердегі қысқы және жазғы маусымда қызмет көрсететін жалғыз тау-шаңғы демалыс орны болмақ. Кешен туристерге жыл он екі ай бойы демалуға мүмкіндік береді. Қыс мезгілінде шаңғы және сноуборд тебуге, ал жаз айларында белсенді демалыс түрлерімен айналысуға жағдай жасалады.
Өңір басшысы нысанды аралау барысында көрсетілетін қызмет бағаларына ерекше назар аударды. Айта кетейік, кешендегі бағалар тұрғындар мен туристер үшін қолжетімді болмақ. Мәселен, бір көтерілімнің (подъём) құны — 1500 теңге, ал 10 көтерілім 13 500 теңге деп белгіленген.
Сонымен қатар, облыс әкімі тау-шаңғы құрал-жабдықтарын сақтауға арналған қойма жұмысымен танысты. Бұл қойма қысқы спорт түрлерімен айналысатын демалушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Нұрымбет Сақтағанов туристік нысандардағы ең басты талап — қауіпсіздік екенін атап өтті. Оның айтуынша, туристер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән берілуі тиіс. Осы бағытта кешенде барлық қауіпсіздік талабы сақталып, заманауи стандарттарға сай жағдай жасалмақ.
Жобаның жалпы құны 2,1 млрд теңгені құрайды. «Эдельвейс» тау-шаңғы кешені іске қосылған жағдайда, Риддердің туристік әлеуеті артып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді деп күтілуде.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив