A+ A A-

talgatzhan 14 Бүгін, 10:35 0

Риддердегі құны 250 млн теңге болатын «Steak King» супермаркетінің артықшылығы неде?

Бүгін / Риддер

Кеншілер қаласында жалпы құны 250 миллион теңгені құрайтын «Steak King» жаңа супермаркеті іске қосылды. Сауда орны 6 шілде айынан бастап тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жаңа супермаркет қала тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сауда нысанының жалпы аумағы 1000 шаршы метрді құрайды. Кең әрі заманауи форматта жабдықталған супермаркет күнделікті тұтынуға қажетті тауарлардың кең ассортиментін ұсынады.
«Steak King» супермаркетінің негізгі бағыты – отандық өнімдерге басымдық беру. Әсіресе Риддер қаласы мен Шығыс Қазақстан өңірінде өндірілетін тауарларды сату басты назарға алынған. Сөрелерде жергілікті өндірушілердің сүт өнімдері, ірімшік, сары май, ет және шұжық өнімдерінің түр-түрі ұсынылған. Бұл өз кезегінде өңірлік кәсіпкерлерді қолдауға және жергілікті өндірістің дамуына оң ықпал етпек.
Жобаны қаржыландыру жеке инвестициялар мен мемлекеттік қолдау шаралары есебінен жүзеге асырылған. Қаржыландырудың жалпы көлемінің 120 миллион теңгесі мемлекеттік қолдау аясында бөлінсе, қалған қаражат инвестордың меншікті қаржысы есебінен салынған. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жоба қаражаты толық игеріліп, жүзеге асу деңгейі 100 пайызды құрады.
Супермаркет басшысы Владимир Ситниковтың айтуынша, тұтынушылардың басты талабы – өнім сапасы.
– Риддер тұрғындары ең алдымен сапалы әрі табиғи өнімдерді таңдауға тырысады. Осыған байланысты біз отандық және жергілікті өндірушілер тауарларына ерекше мән беріп отырмыз. Алдағы уақытта өнім түрлерін одан әрі көбейтуді жоспарлап отырмыз, – деді ол.
Жаңа сауда нысаны жұмысымен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов танысты. Аймақ басшысы супермаркет инфрақұрылымын аралап көріп, жергілікті тауар өндірушілерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, мұндай жобалардың өңір экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив