A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 11:50 0

Риддер тұрғындары пәтерлерінің суық екеніне шағымданды

Бүгін / ШҚО / Риддер

Қала тұрғындарының айтуынша, үшінші күн қатарынан жылу азайып, электр жылытқыштарын қосуға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Риддер жылу электр орталығының өкілдері тұрғын үйлердегі температураның төмендеуінің себебін түсіндірді.
- Бүгін таңертең зауытта кестеден ауытқу тіркеліп, зауыт қызметкерлері шұғыл шараларды қолға алды. Мәселе шамамен екі сағаттың ішінде шешіледі, - деді «Шығыс жылу» АҚ Риддер филиалының директоры Кирилл Голота.

Айта кетейік, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жағдаймен танысу үшін Риддерге кетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив