A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:35 0

Риддерде қазақ тілінен байқау өтті

Бүгін / Риддер

«Қазақ тілі – достық тілі» атты іс-шараны «AMANAT» партиясының қалалық филиалы мен Тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, этносаралық келісімді нығайту және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. Оған түрлі этнос өкілдерінен құралған командалар қатысты. 

- Қазақ тілі – барша қазақстандықты біріктіретін ортақ құндылық. Осындай сайыстар арқылы біз этнос өкілдерін мемлекеттік тілдің төңірегіне топтастырып, достық пен өзара сыйластықты нығайтамыз. Бұл – тіл саясатын жүзеге асырудағы маңызды қадамдардың бірі, – дейді AMANAT» партиясы Риддер қалалық филиалының төрағасы Асем Ағажаева.

Сайыс үш кезеңнен тұрды. «Таныстыру» кезеңінде қатысушылар өз топтарын мемлекеттік тілде таныстырып, ерекше сәлемдесуімен көзге түсті. «Сөзмаржан» кезеңінде күнделікті тұрмыста қолданылатын қазақ және орыс тіліндегі сөздерді сәйкестендіру арқылы қатысушылардың тілдік қоры мен жылдам ойлау қабілеті сыналды. Ал «Қызықты сауал» кезеңінде командалар қазақ тіліндегі мәтіндер бойынша қойылған сұрақтарға ауызша жауап беріп, тіл меңгеру деңгейін көрсетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив