26 қаңтарда Белоусовка кентіне бұрылыста жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota Camry маркалы көлігінің жүргізушісі жылдамдықты сақтамай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан Toyota Camry мен Subaru Impreza көліктері соқтығысқан.
Subaru Impreza көлігінің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді.
Оқиғаға қатысты деректер Глубокое аудандық сотына жолданады.
Пікірлер