A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:25 0

Глубокое ауданының хоккейшілері «Торпедо» хоккей клубында өнер көрсетіп жүр

Бүгін / Глубокое / Спорт

Ауданда хоккей спорты жақсы дамыған. Бүгінде Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 35 бала хоккеймен айналысады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауданда «Глубокое» және «ERTIS» хоккей командалары бар. Олар облыстық, республикалық жарыстарда оқ бойы оза шауып, жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Маңызды жетістіктердің бірі —  жас хоккейшілер құрамасының сапындағы спортшылардың ел атынан халықаралық «Азия балалары» спорттық ойындарына қатысуы. Аталған жарыста құрама команда қола жүлдеге ие болды. Жүйелі түрде қалыптасқан спорттық сабақтастық аясында спорт мектебінің 8 тәрбиеленушісі Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне жолдама алып, дайындықтарын жоғары деңгейде жалғастыруда. 
Ауданда хоккей ойындарына арналған мұз айдындары да бар. 
- Бүгін «Ертіс» командасының ардагер ойыншылары мен жасөспірімдер арасында ойын болып жатыр. Ардагерлер өздерінің техникалық, тактикалық өнерлерін көрсетеді. «Тыңдағанша көргенін артық» демекші, осылай бірге жүріп үйренгендері дұрыс. Өйткені «Ертіс» командасы – облыстың чемпионы, көрген, білгендері көп. «Торпедода» ойнайтын балаларымыз да бар. Барлығы ауылдың мұз айдынынан шыққан балалар. Алға қойған мақсат та, жоспар да көп. Жасөспірімдерді де дайындап жатырмыз. Аудан әкіміне осы мұз айдынын салып бергені үшін рахмет, - деді спорт нұсқаушы Ақылбек Асанов.
Айта кету керек, «Ертіс» хоккей клубы – облыстың чемпион командасы. 2025 жылы аудан командасы Евгений Поладьевті еске алу чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар соңғы бес жылда Төлеген Тоқтаровты еске алу чемпионатында екі рет чемпион және қола жүлдегер атанған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив