Кирилл Шерудило Глубокое кентіндегі Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушысы. Ол келешекте Назарбаев университетіне оқуға түсіп, алдағы өмірін медицинамен байланыстырғысы келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айта кетейік, аталған білім ошағы былтыр «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» республикалық жобасы аясында кешенді жаңғыртудан өткен. Ал жарық, жылы әрі жаңа жабдықпен қамтылған білім ордасындағы оқушылар әркез ізденіс жүрігізіп келеді. Республикалық жоба аясында мектеп инфрақұрылымы 9 бастауыш сынып кабинетімен, 11 пәндік кабинетпен, информатика кабинеттерімен, STEM-зертхана және робототехника кабинетімен, екі спорт залымен, коворкинг-орталықпен, телестудия және арт-студиямен, психолог және инклюзия кабинеттерімен, мектепалды даярлық, музыка және көркем еңбек кабинеттерімен толықты. Жабдықтардың жалпы құны – 245,9 млн теңге. Сонымен қатар 79,1 млн теңгеге мектептің ішкі ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазір мектепте 1000-ға жуық оқушы білім алуда. 2016 жылдан бастап білім ордасы тірек мектеп мәртебесіне ие болды.
Айта кету керек, білім беру мекемесі облыстағы «Ең үздік ауыл мектебі» атағын алған. Мектепте жетістіктерімен көзге түсіп, жүлделі орын алып жүрген оқушылар да жетерлік. Солардың бірі – Кирилл Шерудило. 17 жастағы Кирилл республикалық олимпиаданың 2 мәрте жеңімпазы атанып, осы жетістігі үшін облыс басшысы Нұрымбет Сақтағановтың атынан Алғыс хат пен жүлделі сыйлық алған.
– Техас бөдене жұмыртқаларын да сатып алдым. Олар өте қызықты және өнімді тұқым, оларды Bighorn Pharaohs деп те атайды. Еті дәмді және пайдалы. Бірақ мен олардың етін жегім келмейді. Өйткені, мен балапандарды өзім өсіріп жатырмын. Алдымен жұмыртқаларды дайындау, жуу, өңдеу, содан кейін 17 күн бойы инкубаторға салу керек. Температураны үнемі бақылау маңызды, – деді ол.
Пікірлер