A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 12:30 0

Глубокоеда биыл жаңа қонақүй блогының құрылысы басталады

Бүгін / Глубокое

«Заречье» — Глубокое ауданына қарасты Быструха ауылында орналасқан заманауи туристік кешен. Жоба 2019 жылы жүзеге асырылып, өңірде ішкі туризмді дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың біріне айналды,  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Туристік нысанда жыл сайын жаңа инфрақұрылым нысандары іске қосылып, қонақтарды қабылдау мүмкіндігі кеңейтілуде. 2024 жылы жобаның кезекті даму кезеңі жүзеге асырылды. Жоба командасы инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салуды жалғастыруда. 2026 жылы жаңа қонақүй блогының құрылысы жоспарланған. Бұл нөмірлік қорды 36 қосымша төсек-орынға арттыруға мүмкіндік береді. Жоба толық жүзеге асқан соң кешеннің жалпы сыйымдылығы бір мезетте 110 қонақты қабылдай алатын болады. 

Қазір эко қонақүйдің аумағында 11 коттедж, мейрамхана және монша кешені, демалыс және рекреациялық аймақтар орналасқан. 

– Қонақтарды орналастыру және тамақтандыру қызметтерімен бірге 76 адамға дейін қабылдай алады. Парк-отель мейрамханасының жұмысы жергілікті және фермерлік өнімдерді пайдалануға негізделген. Оның ішінде: өз шаруашылығынан алынатын жаңа сүт өнімдері, жылыжайда өсірілген көкөністер мен көк шөптер, жеке өндірістегі ет өнімдері бар. Сонымен қатар, қонақүй жергілікті фермерлермен және жеткізушілермен тұрақты түрде ынтымақтастық орнатып, ауыл шаруашылығының дамуы мен тұрақты жеткізу тізбегін қалыптастыруға үлес қосып келеді, – «Заречье» эко қонақүйінің иесі Анастасия Фроимчук.

Мейрамхана мәзірі еуропалық және шығыс асханасын тоғыстырса, туризм қысқы және жазғы мезгілді қамтыған. Яғни, сіз жазда келіп велосипед, скутер теуіп, таза ауамен демалып, тауға шыға аласыз. Ал қыста коньки теуіп, шанамен де, шаңғымен демалуға жағдай қарастырылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив