Өткен жылы өңірдегі құрылыс жұмыстары көлемі 458,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Нұрсұлтан Маратовтың сөзінше, 2025 жылы облыста 407,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
– Бұл бойынша Риддер қаласы (199,7%), Марқакөл (318,2%) және Зайсан (112,9%) аудандары көш бастап тұр. Ал тұрғын үйді пайдалануға берудің төмендеуі Самар (94,8%), Алтай (76,7%) және Тарбағатай (64,7%) аудандарында байқалады, – деді ол.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер