A+ A A-

talgatzhan 30 2-02-2026, 10:05 0

ШҚО әкімі: Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауыты салынатын жерді қысқа уақыт ішінде бекіту керек

Бүгін / Өскемен / Өзекті мәселе

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Өскемендегі қоқыс сұрыптайтын зауыттың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2022 жылы ашылған бұл зауыт сағатына 25 тонна қалдықты өңдейді. Бөлек жиналған қалдықтар қоқыс тасымалдайтын көліктермен осында жеткізіліп, қабылдау бункеріне төгіледі, одан әрі таспалы конвейер арқылы сұрыптау желісіне жіберіледі.

Сұрыптау желісінің өндірістік қуаты санитарлық-қорғау аймағының нормативтеріне сәйкес қабылданған.  Сұрыптау желісінің әлеуетті қуаты жылына 100 мың тоннаға дейін жетеді.

Зауытта барлығы 40-тан астам адам жұмыс істейді. Штаттық кестеге сәйкес, еңбек процесі тәулігіне 12 сағаттан екі ауысым бойынша ұйымдастырылған.

Облыс әкімі өз сөзінде Өскеменде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауыты салынатын жерді қысқа уақыт ішінде бекіту керектігін жеткізді.  

- Бізге зауыт салу үшін 6 гектар жер керек. Қоқыс сұрыптайтын зауыт аумағындағы жерді қарастырыңыздар. Сонда бізде қоқысты сұрыптайтын әрі өңдейтін бір зауыт болады, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Аймақ басшысы жауапты басқарма басшылары мен Өскемен қаласының әкімдігіне 3 ақпанға дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауытын салу үшін жер учаскесін таңдау бойынша нақты ұсыныс енгізу міндетін қойды. Сондай-ақ зауыт құрылысын инвестициялық жобалар тізіміне енгізу қажеттігін айтты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият


Жұлдыз жорамал

{calendar}