Бүгін Риддердегі Тәуелсіздік даңғылы, 12 мекенжайындағы ғимараттың шатырынан мұз құлап, 76 жастағы зейнеткер түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жедел жәрдемді сол үйдің тұрғыны шақырды. Дәрігерлер әйелді тексеріп, травмотология бөлімінде емдеуге жіберілді.
- Науқаста бас сүйегінің жарақаты, мидың шайқалуы, қабырғаларының сыныуы, оң иығының көгеруі және бел омыртқасының ауырсынуы байқалды. Ол қалалалық аурухананың травматология бөлімінде емделіп жатыр, - делінген ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінде.
Пікірлер