Өткен тәулікте ШҚО Полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері өңір автожолдарында жол қозғалысы ережелері бойынша бірқатар бұзушылық анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Атап айтқанда, «Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары» тасжолында 32 жастағы Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі көлікті мас күйінде айдаған. Құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Сонымен қатар аталған автожолда көлік құралын басқару құқығынан бұрын айырылған жүргізушілердің рөлге қайта отырған екі дерегі тіркелді. Құқық бұзушылар – 48 жастағы Mitsubishi Challenger және 21 жастағы Chevrolet Cobalt жүргізушілері. Оларға әкімшілік айыппұл салынды.
Полиция департаментінде мұндай құқықбұзушылықтар жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретіні атап өтті.
Пікірлер