Кеше әлеуметтік желілерде Риддердегі жанар-жағармай тапшылығы туралы хабарламалар тараған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жергілікті пабликтердің бірінде «Helios» жанармай құю бекетінде жанармай жоқ екені, АИ-92 маркалы бензинмен ғана жанармай құю мүмкін болып отырғаны, ал дизель отыны талон арқылы беріліп жатқаны туралы жазылған.
Кейбірі мұны соңғы күндері аймақтың бірнеше тасжолында қарлы борандар болып, жолдар жабылғандығымен байланыстырды. Сондықтан мұндай кедергілер болуы мүмкін көрінеді. Дегенмен қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі жанармай тапшылығы туралы ақпаратты жоққа шығарды.
— 23 ақпан күні АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин, сондай-ақ дизель отыны «Bazis Aero», «Helios», «Alem Simple Service», «Ресурсы Востока» және «Qazaq Oil» жанармай құю бекеттерінде еркін сатылымда бар, — делінген ақпаратта.
Пікірлер