Дәстүрлі шаңғы жарысы 7 наурызда ауданға қарасты Бобровка ауылында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сайысқа белсенді демалысты ұнатушылар мен кәсіби спортшылар қатыса алады. Спорттық іс-шара Заречная көшесі, 117 мекенжайы бойынша орналасқан ШҚО Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебінде сағат 10:00-де басталады.
Қатысу үшін техникалық өтінім беру қажет.
Тіркелу WhatsApp арқылы жүзеге асырылады. Ақпаратты жарыстың бас төрешісінің 8 705 511 0280 нөміріне жіберу керек.
Пікірлер