A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:45 0

Алтай қаласында құдыққа құлаған итті шығаруға құтқарушылар тартылды

Бүгін / ШҚО / Алтай

Оқиға қаладағы Брилин көшесінде болды. Ит ашық жатқан құдыққа түсіп кетіп, ұзақ уақыт бойы шыға алмай қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жануардың әлсіз дыбысын кездейсоқ өтіп бара жатқан әйел естіп қалып, алғашында оны баланың жылағаны деп ойлапты.

Ольга есімді тұрғынның айтуынша, құдық қар үйіндісі астында қалып, мүлде байқалмаған. Жолдан өтіп бара жатқанда ол жылағандай естілген үнге құлақ түріп, тоқтаған. Бірақ құдық ішіне өзі қарай алмағандықтан, қасынан өтіп бара жатқан ер адамнан көмек сұрады. Ер адам құдыққа үңіліп қарап, ішінде  иттің жатқанын айтқан.

Осыдан кейін әйел көмек іздей бастды. Көп ұзамай оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі өкілдері келіп, итті құдықтан абайлап шығарып алған.

Құдық маңында иттің іздері байқалмады, себебі қар үйіндісі бәрін жауып қалған. Сондықтан иттің құдық ішінде қанша уақыт болғаны белгісіз.

Кейін белгілі болғандай, құтқарылған ит үй жануары екен. Ол хаски тұқымына ұқсайды, бір көзі көк, екіншісі жасыл. Иелері оны үш күн бойы іздеп жүрген.

– Жануар кейін үйге қарай өзі жүгіріп келген. Оны бірден жуындырып, тамақтандырдық. Қазір ит алаңсыз ұйықтап жатыр, – деді ит қожайыны.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив