Референдум аясында Ренат Құрмамбаев отбасымен бірге №636 сайлау учаскесіне барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, әр дауыс өңір болашағы үшін маңызды екеніне сенім білдірді.
Дауыс бергеннен кейін әкім мұндай іс-шаралар мемлекеттің дамуында маңызды рөл атқаратынын және әр тұрғынға өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беретініне тоқталды.
– Бүгін мен жаһандық өзгерістер жағдайында еліміздің мүдделері мен оның болашағын басшылыққа ала отырып, таңдауымды жасадым. Бүгін қабылданған шешімдер қоғамның одан әрі дамуы мен әл-ауқатына ықпал ететініне сенімдімін, – деді аудан басшысы.
Пікірлер