Рио Олимпиадасында 85 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленген спортшы туған жері Алтай ауданында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратпен аудан әкімдігі өкілдері бөлісті. Соған сүйенсек,
спортшы әр азаматтың ел үшін маңызды шешімдер қабылдауға қатысуының маңызы, дауыс беру жауапкершілік пен азаматтық белсенділіктің көрінісі екенін атап өтті.
– Бүгінде әрқайсымыз өз таңдауымызбен ел болашағына әсер ете аламыз. Мен сайлау учаскесіне Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін келдім, – деді өз сөзінде Денис.
Әкімдік өкілдері Денис Ұланов сияқты танымал спортшылардың сайлау учаскелерінде болуы мерекелік көңіл күйді көтеріп, жас сайлаушылар үшін үлгі болатынын атап өтті.
Фото: аудан әкімдігінің ресми парақшасынан
Пікірлер