Тау-шаңғы спортынан елішілік, халықаралық жарыстардың жүлдегері Алексей Кулаков саяси науқанға медальдарын сыңғырлатып келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кенді қаладағы сайлау учаскелеріндегі дауыс беруге тұрғындар бірқалыпты келіп жатыр. Қызық жайттар да болды. Алысқа бармай, түс ауғанда бұрымдылардың бірі дауыс беруге той көйлегін киіп келді. Қолында торты бар. Түс ауа тау-шаңғы спортынан «Спорт шебері» Алексей Кулаков та дауыс берді. Медальдарын тағып келіпті.
– Бүгін өз қаламда тұңғыш рет дауыс бердім, – деп қысқа қайырды спортшы.
Пікірлер