A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 15:40 0

Өскеменде «Шарапатты шаңырақ шежіресі» атты кездесу өтті

Бүгін / Өскемен

Жиын А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған іс-шара «Наурызнаманың» онкүндігі аясында өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, шаһар басшысының орынбасары Болатбек Мамырбаев, ақын-жазушылар мен Ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.
Кездесуге келгендер облысқа еңбегі сіңген Бошай Кітапбаев пен Ахат Күленовты еске алып, көненің көзін көрген қариялар өз естеліктерімен бөлісті. 
- Жаңару мен жаңғырудың белгісі, ырыс пен ынтымағы тоғысқан, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамының қарсаңында сіздермен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Бүгінгі іс-шараның тәрбиесі зор, тағылымға бай екенін көріп отырмыз. Металлург, Өскемен қаласының құрметті азаматы Ахат Күленов пен аңыз адамға айналған, жазушы, шежіреші Бошай Кітапбаев туралы айта берсек көп. Мен аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың жылы лебізі мен ыстық сәлемін арнайы әкелдім. Жалпы мұндай іс-шаралар көбірек ұйымдастырылуы керек деп ойлаймын, - деді Ербол Жолдаспекұлы.
Ал қоғам белсендісі Түсіпхан Түсіпбековтың сөзінше, қос тұлғаның шығармашылығы көпшілікке жақсы таныс. 
- Бұл кісілердің өңірге сіңірген еңбегі зор. Оларды елімізде білмейтін адам кемде-кем деп ойлаймын. Ахат Күленов - 130-ға жуық еңбектің авторы. Бұдан ол кісінің металлургияға, оның сыр-қырына қанық адам екенін, елдің экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқанын көруімізге болады. Ал Бошай ағамыз «Шежіре», «Тоғыз таңбалы найман», «Айта-айта Алтайды, Бошай ата қартайды» атты кітаптардың авторы ретінде көпшіліктің ризашылығына бөленген, - деді Түсіпхан Түсіпбеков.
Жиында өзінің естелігімен Үлкен Нарын ауданының құрметті азаматы Сайлаухан Аухадиев, Өскемен қалалық Ақсақалдар алқасы төрағасының орынбасары Сағымбек Аханов та бөлісті. 
Тағылымы терең бұл кездесуде қос алып туралы көп мағлұмат пен жылы естеліктер легі айтылып, жиналған қауым жақсы әсер алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив