Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратта жеңіл көліктің нақты қандай маркалы болуы керектігі жазылмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бастысы, көліктің көлемі 2000 куб см-ден асуы тиіс. Техникалық сипаттамаға сәйкес, мемлекеттік сатып алуды Алтай ауданының Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы шығарып отыр. Жеңіл автомобильдің қандай мақсатпен алынғалы отырғаны көрсетілмеді. Анығы сол, қосылған құн салығын есептегенде осы үшін 6 млн 887 мың 931 теңге бөлінген.
Шақырылып отырған жеткізуші – «Сырдария Авто» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жеңімпаз анықталса, көлік шарт жасалған сәттен бастап 60 күн ішінде жеткізілуі тиіс.
Фото: avtoprokatalmaty.kz
Пікірлер