A+ A A-

talgatzhan 34 Кеше, 17:05 0

Өскеменде Жаңару күні аясында заманауи әндер шырқалды

Бүгін / Өскемен

Салтанатты шара А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылып, келген меймандар бір-бірлеріне ізгі тілектерін білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

19 наурыз – Жаңару күні. Бұл күн – тек табиғаттың өзгеруі ғана емес, адамның ішкі дүниесінің де жаңаруы. Адамдар бір-біріне ізгі тілек айтып, өкпе-ренішті ұмытып, жаңа бастамаларға жол ашады.
– Жаңару күні кітапханада «Наурыз – шаттық мерекесі» атты мерекелік концерт өтті. Кездесудің басты кейіпкерлері – «В Кругу друзей» клубының мүшелері болды. Олардың өнері Наурыздың жай ғана күнтізбедегі күн емес, бұл – жақсылықпен бөлісетін, сүйікті әндер шырқалатын күн екенін еске салды, – деді ұйымдастырушылар.
Залда бояуы мол халық әуендері мен көктем, махаббат пен достық туралы жүрекке жылы тиетін заманауи композициялар шырқалды.
– Наурыз – бірліктің мерекесі. Бүгін біз музыка мен жылы сөздің кез келген шекараны жоя алатынына тағы бір көз жеткіздік, – деді қонақтар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив