Сот үкімімнен өңір әкімінің бірінші орынбасары 6 жылға сотталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айыпталушы бұған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары (ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша 3 жылға, сосын соттан іске негіз болған Camry көлігін тәркілеуді, айыпталушыны мемлекеттік (квазимемлекеттік) қызметтен өмір бойына шеттетуді, сондай-ақ 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (ірі мөлшерде пара алу) бойынша 6 жылға соттауды өтінген болатын.
Бүгін сот оны алаяқтық пен пара алу қылмыстары бойынша кінәлі деп танып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оның мүлкі (Toyota Camry автокөлігі) тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Ол жазаны ол орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Пікірлер