A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 13:40 0

Өскеменде 22 жастағы тұрғын алаяқтық құрбаны болды

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

Облыс орталығындағы Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне 22 жастағы қала тұрғыны бұрынғы әріптесі мен олардың ортақ таныстарының алдап кеткенін айтып жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жәбірленушінің айтуынша, күдіктілер оның сеніміне кіріп, өз атына ірі көлемде тауар несиесін рәсімдеуге көндірген.

- Тергеу барысында анықталғандай, өткен жылдың қараша айында күдіктілердің бірі қаржылық қиындықтарға тап болғанын айтып, жәбірленушіден көмек сұраған. Ол несиені үш ай ішінде болашақ табысы есебінен толық жауып беретініне уәде еткен. Оған сенген азамат банк мобильді қосымшасы арқылы өз атына тауар несиесін рәсімдеп, екі смартфон мен оларға арналған аксессуарлар сатып алған, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 2 млн теңгеден асты. Несие берілгеннен кейін олар тауарды қолма-қол ақшаға айналдырған. Ақшаны алған соң күдікті байланысқа шықпай, несие төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған.

- Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті кінәсін мойындады, - деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив