A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:20 0

Риддердегі тау шаңғы курорты кеңейтілетін болды

Бүгін / Риддер

Облыс прокурорлары Риддердегі тау шаңғысы курортын кеңейтуге инвесторға көмектесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеттің үйлестіруімен «Скай Тау Риддер» ЖШС-нің заңды мүдделерін қорғады. Инвестор Риддер қаласында өңір үшін маңызды тау шаңғысы кешенін реконструкциялау жобасын іске асыруда.
- Оның аясында қазірдің өзінде 20 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды. Жергілікті атқарушы орган теміржол желілерінің санитарлық-қорғау аймағында орналасқанын алға тартып, компанияға қосымша жер учаскесін беруден негізсіз бас тартқаны анықталды. Алайда, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның ресми мәліметтеріне сәйкес, бұл учаскені мәлімделген мақсаттарда пайдалануға жол беріледі, - делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісінің арқасында әкімшілік кедергі жойылып, инвестордың құқықтары толығымен қалпына келтірілді. Бұл жобаны іске асыру туристік инфрақұрылымды дамытуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға тікелей ықпал етеді.
ШҚО Прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды 8 (7232) 75-43-38, 8 (707) 126-96-26 нөмірлері арқылы немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив