30 наурызда Лесхоз ауданында кене шағудың алғашқы жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше, 7 сәуірде қалада кене шағудың төрт жағдайы тіркелген. Олардың ішінде үш ересек адам және бір бала бар.
- Егер сізді кене шағып алса, кенені алып тастау, иммуноглобулин алу және одан әрі медициналық бақылаудан өту үшін төрт күн ішінде медициналық көмекке жүгініңіз. Сондай-ақ кене энцефалитіне қарсы вакцина алу үшін Риддер қалалық ауруханасына хабарласуға болады, - деді Риддер қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Гүлмира Мырзағараева.
Қалалық аурухананың өкілдері кене энцефалитіне қарсы вакцина бар екенін растады. Ол сәуір айының ішінде жергілікті емханада қолжетімді болады.
Пікірлер