A+ A A-

talgatzhan 0 7-04-2026, 13:50 0

Риддерде профилактикалық семинар өтті

Бүгін / Риддер

6 сәуірде Риддерде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері полиция бөлімімен бірлесіп, облыстық мамандандырылған олимпиада резервіндегі мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері үшін ауқымды профилактикалық семинар ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Іс-шараға тек оқушылар ғана емес, олардың жаттықтырушылары, оқытушылар мен ата-аналары да қатысты. Кездесуге 250-ге жуық адам жиналды.
Жиынның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жасөспірімдердің интернет кеңістігіндегі заңсыз әрекеттерге, оның ішінде қылмыстық істерге тартылуының алдын алу. Әсіресе «дропперлік» мәселесіне, яғни ұрланған ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және аудару схемаларына қатысудың қаупіне ерекше назар аударылды.
Өскемен қаласы Полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел уәкілі, полиция капитаны Ақбота Бауыржанқызы қатысушыларға азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы алаяқтық схемаларға тарту тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Қаскөйлердің «оңай табыс» табу желеуімен жастардың қалай тартылғаны және оның соңы ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын айтты. 
Ал банк карталары мен жеке деректерді үшінші тұлғаларға беру азаматтарды автоматты түрде қылмысқа сыбайлас ететінін ескертті.
Семинар аясында интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері мен олардың басты белгілері талқыланып, кибершабуылдардан қорғанудың практикалық ұсыныстары берілді. Бұдан бөлек, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Теолог маман деструктивті ағымдардың арбау әдістерін нақты мысалдармен баяндап, жастарды ғаламтордағы ақпаратқа сыни тұрғыдан қарауға шақырды.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде қатысушылар мамандарға сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. 
Оқу орнының басшылығы болашақ чемпиондарды тәрбиелеуде тек физикалық дайындық емес, жоғары құқықтық мәдениет пен цифрлық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор екенін атап өтті. 
Осындай профилактикалық кездесулер өңірде алдағы уақытта да жалғасады. Полиция жастармен жұмысқа ерекше назар аударып, өскелең ұрпақтың заманауи қауіп-қатерлерге төзімділігін қалыптастырып, заңға деген құрметті нығайтуды мақсат етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив