A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:35 0

«Алтай» теміржол вокзалы: құрылыс жазда аяқталады

Бүгін / Басты / Алтай

Алтай ауданына қарасты Зубовск кентіндегі «Алтай» теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары штаттық режимде жүріп жатыр. Жоба өткен жылдың қыркүйек айының соңында басталған еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жоба жетекшісі Дәурен Сәрсембаевтың айтуынша, құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі орындалды.

– Ғимараттың ішкі және сыртқы қоршаулары толық тұрғызылды. Қабырғаларды жөңдеу жұмыстары 100% аяқталды. Сейсмикалық белдеулер орнатылып, шатыр жабылып, терезлер қойылды, – деді Дәурен Сәрсембае.

Қазір ішкі жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Атап айтқанда, еденді тегістеу жұмыстары 80%-ға орындалды, ал төбелері толық қапталды. Жылыту және желдету жүйелерінің 70%-ы дайын. 

Сыртқы әрлеу бойынша қажетті материалдарға тапсырыс беріліп, жұмысты бастауға дайындық жүріп жатыр.

– Сыртқы және ішкі әрлеу мен инженерлік желілерді тартуды толық аяқтау қажет. Барлық жұмысты белгіленген мерзімде, яғни 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланып отыр, – деді жоба жетекшісі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив