A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 17:50 0

Риддерліктер бір күнде 5 тонна қоқыс жинады

Бүгін / Риддер

Бүгін кенді қалада ауқымды қалалық сенбілік өтіп, оған 1300-нан астам тұрғын қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала әкімдігі ақпаратынша, бір күнде 5 тоннадан астам қоқыс жиналды. Айтпақшы, сенбілік барысында мынадай қызық жағдай болған. Тазалық жүргізіп жүрген еріктілер алдынан бауырсақ ұстаған әже шығып, бәріне таратып берді.

– Ол «қаланы дамытуға осылай үлес қостым» деп ризашылығын білдірді. Бұл қызық жайт сенбілікке қатысушылардың көңілін көтеріп, әр істің басында ауызбіршілік тұруы тиіс екенін көрсетті, – делінген әкімдік ақпаратында.
Шараға қала жастары да белсенді түрде атсалысып, «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырды. Ортада жақсы көңіл-күй қалыптастырудың қамы.
Сондай-ақ қаланың футболшылары да игі бастамадан шет қалмай, алдымен футбол алаңын тазалап, кейін достық матчын өткізді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив