A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:20 0

Зайсандағы түнгі атыс: Жігітті арқасынан атқан екі күдікті ұсталды

Бүгін / Зайсан / Қылмыс

Зайсан қаласында болған атыс оқиғасында жас жігіт ауыр жараланды. Кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен екі адам жедел түрде ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерде 8 сәуірге қараған түні Зайсан қаласында атыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Белгісіз екі адам жас жігітке оқ атып, оны арқасынан жаралаған.

Жарақат алған азамат аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Ал күдіктілер оқиға орнынан бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша кісі өлтіруге оқталу фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталған.

- Екі күдікті жедел түрде анықталып, «ізін суытпай» ұсталды. Қылмыс құралы тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – делінген ресми ақпаратта. 

Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив