Бұл туралы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Басқарма қызметкерлері және Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалы кенелерге қарсы өңдеу жұмыстарын қолға алды.
- Бұл шара кене популяциясын азайтуға және жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударып, өңделген аумақтардан аулақ болуды сұраймыз. Сонымен қатар балалар мен үй жануарларының бақылауда болуын қамтамасыз етіңіздер, - деді басқарма өкілі Дамир Райымханов.
Одан бөлек, кеміргіштермен күрес те жүргізілуде.
Пікірлер