A+ A A-

talgatzhan 49 Бүгін, 15:40 0

Жаңа Бұқтырма кентінде қоғамдық дәретхана орнатылады

Бүгін / Алтай

Мұнда туристік маусым басталғанша санитарлық нысанды іске қосу және базар маңына тағы бір дәретхана орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұған дейін жағажайлар мен базар аумағында адамдар үшін қолайлы жағдайдың болмауы мәселе туғызған еді. Кент орталығында орнатылған жалғыз модульдік дәретхана қолжетімсіз болды. Ал қыс мезгілінде мүлде жабық тұрды.
Кент әкімі Нұржан Қанапиннің айтуынша, туристік маусым қарсаңында қоғамдық дәретханаларды орнату мәселесі қаралды. 
- Жоспар бойынша 17 сәуірде кент ішіндегі дәретхана пайдалануға беріледі. Ал базар аумағына арналған санитарлық нысанды орнату жұмыстары жуырда басталады. Бұл жұмысты базар иесі абаттандыру талаптарына сәйкес жүзеге асырады, - деді әкім. 
Осылайша, туристік маусымға басталғанға дейін Жаңа Бұқтырмада кемінде екі қоғамдық дәретхана жұмыс істейді деп күтілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив