Облыс аумағында 10-14 сәуір аралығында атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алуға, анықтауға және ашуға бағытталған «Қару» республикалық жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шара барысында 300-ден астам қару иесі тексеріліп, 25 әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Атап айтқанда, азаматтық қаруды сақтау шарттарына қойылатын талаптарды бұзудың 13, қаруды тіркеудің белгіленген тәртібін бұзудың 8 дерегі тіркелді.
- Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 4 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 адамға қатысты қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау және алып жүру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз айналымнан 6 атыс қаруы тәркіленді, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.
Полиция департаменті қаруды сақтау, тіркеу және алып жүру ережелерін қатаң сақтау керек екенін ескертеді. Белгіленген бұзу заңмен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғады.
Пікірлер