Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Дастан Рамазанов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыл басынан бері белгілі болған құқық бұзушылықтардың ішінде 28 қылмыстық теріс қылық және 54 есірткі қылмысы тіркелген. Атап айтқанда, 44 дерек - есірткі өткізу, 3 дерек - аса ірі мөлшерде сақтау, 2 дерек - есірткі өсіру, 4 дерек - есірткі жарнамасына қатысты.
– Құқық қорғау органдары заңсыз есірткі өндірумен айналысқан нысандарды анықтап, қызметін тоқтатты. Атап айтқанда, 2 фитозертхана және синтетикалық есірткі дайындайтын 1 зертхана жойылды. Заңсыз айналымнан 45 келіден астам есірткі тәркіленді, оның 19 келіден астамы - синтетикалық заттар. Қазір есірткіге тәуелді 1132 адам есепте тұр, - деді Дастан Рамазанов.
Өңірде есірткі қылмысына қарсы күресте жаңа тәсілдер енгізілуде. Соның бірі – «STOP наркотик» жобасы.
– 2024 жылы 29 қарашада жоба аясында төртжақты меморандумға қол қойылды. Басты мақсат – азаматтарды есірткіге қарсы күреске шақыру. Бұл үшін ақшалай сыйақы жүйесі енгізілді. Ол ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тәжірибесіне ұқсас жүзеге асырылады, – деді полиция подполковнигі Дастан Рамазанов.
Есірткі қылмысына қарсы күрес және оның алдын алу шаралары ШҚО Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.
Пікірлер