A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:45 0

Өскеменде бопсалаумен айналысқан ер адам ұсталды

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

ШҚО Полиция департаменті ақпаратынша, 26 жастағы ер адам танысынан «заңмен туындаған мәселелерін шешуге көмектесемін» деген сылтаумен 200 000 теңге көлемінде ақша бопсалаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жәбірленуші талап етілген ақшаны уақтылы бере алмаған соң қаскөй бұл соманы 400 000 теңгеге дейін арттырып, қоқан-лоқы көрсету арқылы қысым жасауды жалғастырған.
- Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін қылмыс фактісі құжат жүзінде тіркеліп, ақшаның бір бөлігін беру кезінде бақылау ұйымдастырылды. Күдіктіні ақша алу кезінде ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ұстады. Ер адамның көлігі мен пәтерін жедел тінту барысында ақша мен суық қару санатына жататын кастет тәркіленді, - делінген ресми мәліметте.
Күдіктіге қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Айта кетейік, жыл басталғалы облыс аумағында 14 бопсалау дерегі тіркелді. Оның тоғызын облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив