A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 16:50 0

Өскеменде Жанат Әскербекқызы оқуларының жеңімпазы анықталды

Бүгін / ШҚО

Бүгін А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жанат Әскербекқызының 60 жылдық мерейтойына арналған «Жанат оқулары» облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жерлес ақынның Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты әрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері екенін де айта кеткен орынды.
– Байқаудың басты мақсаты – ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және дарынды жастарға қолдау көрсету. Аталған әдеби додаға облыс аудандарынан, қала мектептері, колледждер мен жоғары оқу орындарынан келген қатысушылар қатысты. Олар Жанат Әскербекқызының шығармаларынан ұсынылған өлеңдерді жатқа, мәнерлеп оқып, шеберліктерін көрсетті, – деді ұйымдастырушылар.
Шара барысында ақын сөзіне жазылған әндер шырқалып, жас өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды. Ал байқау қорытындысында үздік қатысушылар анықталып, дипломдар мен қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Қорытындысы төмендегідей: 

Бас жүлде – Зайсан ауданы, Шілікті орта мектебінің оқушысы - Жібек Маратбек иеленді. 
І орын – Ұлан ауданы, «Қасым Қайсенов кентінің орта мектебінің» оқушысы – Еренхан Айгерім.
ІІ орын – Абай атындағы гуманитарлық колледжінің студенті Кибадатова Дильназ және Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ. Қайсенов атындағы орта мектебінің оқушысы – Аманжол Ахметжан иеленді. 
ІІІ орын: «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназиясының» оқушысы Кәмшат Елдосқызы және Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Асылай Оралтаева иеленді. 
«Жанат Әскербекқызы атындағы» арнайы жүлдемен Қадылбекова Шолпан, «Көркем сөз оқу шебері – Еркеназ Сейтмұқаш, «Көрермен көзайымы» – Балнұр Болатқызы марапатталды. 

Осындай мазмұнды шаралар жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, ұлттық руханиятты дәріптеуге, поэзияға құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. «Жанат оқулары» облыстық байқауы да өз кезегінде жас таланттардың қанатын қатайтып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға зор мүмкіндік берді.

– Бұл іс-шараға қаржылай қолдау көрсеткен жерлесіміз Дарын Сағдолдинге, ақынның әкесі Әскербек Аймұхамбетовке және Жанат Әскербекқызының шәкірті Амангелді Ошақовқа алғыс айтамы,з, – делінген мәліметте.

Өз тілшіміз

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив