A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:10 0

ШҚО-да синтетикалық есірткі өндіретін зертхананың қызметі тоқтатылды

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

Өңірде синтетикалық есірткі өндіретін зертхананың қызметі жойылды. 26 және 22 жастағы екі күдіктінің заңсыз әрекеті тоқтатылды. Олардың шалғай ауылдардың бірінде үй алып, сол жерде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары мен тінту барысында заңсыз айналымнан зертханалық жабдықтар, 70 келі дайын синтетикалық «Альфа-PVP» өнімі, сондай-ақ шамамен 4 тонна химиялық реагенттер мен прекурсорлар тәркіленді.

— Тергеу барысында қылмыстық әрекеттің интернеттің көлеңкелі сегменті арқылы қашықтан жүргізілгені анықталды. Заңсыз айналымға шамамен 250 мың бір реттік доза жіберілмеді. Бұл — жүздеген адамның өмірін сақтап, азаматтардың, әсіресе жастардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік берді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, — делінген хабарламада.

Есірткі өндірісін ұйымдастырушыларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл — Ішкі істер министрлігінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Кез келген заңсыз әрекет қатаң түрде тоқтатылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

 

 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив