A+ A A-

talgatzhan 45 Бүгін, 11:00 0

Глубокое ауданында есірткіге масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Бүгін / Глубокое

Глубокое кентін патрульдеу барысында патрульдік полиция қызметкерлері «ВАЗ-2101» маркалы көлікті тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Құжаттарын тексеру кезінде 31 жастағы ер адамның 2026 жылдың қаңтар айында 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
– Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізушінің каннабиноидтарды қолдану салдарынан есірткілік масаң күйде болғаны расталды. Қазір көлік арнайы тұраққа қойылды. Ал жүршізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - делінген ресми ақпаратта. 
Тәртіп сақшылары азаматтарды жауапкершілік танытып, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Өйткені мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив