Отан қорғаушылар күні қарсаңында Опытное поле ауылындағы орта мектеп базасында «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері салтанатты түрде ант қабылдады, , деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік рух қалыптастыру, әскери қызметке қызығушылығын арттыру және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандықтарға деген құрметті нығайту.
Оны ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ШҚО бойынша департаменті ұйымдастырды.
Салтанатты рәсімге 5–6 сынып оқушылары қатысып, Отанға адал қызмет етуге серт берді. Жас патриоттар өздерінің елге деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті.
Пікірлер