A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:10 0

Глубокое ауданында «AMANAT» партиясының акциясы өтті

Бүгін / Глубокое

Ауданда «AMANAT» партиясы ШҚО филиалының бастамасымен ұйымдастырылған «AMANAT Керуені» акциясы ұйымдастырылды. Игі іс-шараға партия жанындағы Әйелдер қанаты қолдау көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Самар ауданында басталған акцияның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыру, құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету, аурулардың алдын алу мен оларды ерте кезеңде анықтауға ықпал ету болды.

Акция барысында тұрғындарға «ASTANA VISION» көз микрохирургиясы клиникасының офтальмолог дәрігерлері, хирург, гинеколог, онколог, маммолог, уролог, фтизиатр және ЖИТС орталығының білікті мамандары тегін қабылдау жүргізіп, консультациялық-практикалық көмек көрсетті. Ауыл тұрғындары қажетті медициналық тексерулерден өтіп, өз денсаулықтарына қатысты маңызды кеңестер алды.

Бұдан бөлек  Өскемендегі мамандандырылған «Сәбилер үйінің» мамандары ерекеше күтімдегі балаларды ата-аналарымен қабылдап  кеңестер берді.

- Облыс орталығынын арнайы келген заңгер  мамандарға жүгініп тегін құқтық кеңес алдым. Бізге білікті мамандар күнде келе бермейді. Сондықтан ауыл тұрғындары үшін мұндай  іс-шараның маңызы зор,- дейді Глубокое кентінің тұрғыны Ольга  Хощенко. 

Сонымен қатар әлеуметтік блок шеңберінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша мамандар кеңес берді. Аудандық әлеуметтік қорғау бөлімі өкілдері әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Акция барысында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті. Құқықтық көмек көрсету мақсатында депутаттар мен сала мамандары тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

- Біздің ауданда осындай акцияның өткені халық үшін үлкен көмек болды. Дәрігерлердің тегін қабылдауына кіріп, қажетті тексерулерден өттік. Осындай қолдаулар жиі ұйымдастырылса екен деген тілегіміз бар. Мен көз дәрігеріне қаралу үшін  Белоусовка кентінен келіп отырмын,- деді Белоусовка кентінің тұрғыны Мейрамгүл Сұлтангазина.

Айта кетейік, «AMANAT Керуені» акциясы алдағы уақытта өзге де аудандарда жалғасады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив