A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 14:45 0

Өскеменде пышақ ұстап, пәтер есігін қаққан екі тұрғын ұсталды

Бүгін / Өскемен

Мамырдың 17-і күні қаладағы Микоян көшесі 10/1 мекенжайында болған оқиға әлеуметтік желіде таралып, тұрғындар түрлі пікір жазған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бейнежазбағаа зер салсақ, екі жігіт көпқабаттағы үйлердің біріндегі пәтерден шығып, қолына пышақ ұстаған күйі көршілердің есігін қаққан. Кейін аталған факті бойынша облыстық Полиция департаментіне хабарлама түсіпті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері аталған подъезде пәтер жалдап тұрған екі жас жігітті анықтады.
– Екеуі де полиция бөліміне жеткізілді. 19 жастағы азаматтан пышаққа ұқсас зат тәркіленді. Оны қолдану фактісі анықталған жоқ, сараптама тағайындалды. Қазір аталған азамат тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген полиция ақпаратында.
Тексеру барысында куәгерлерден жауап алынды. Тәркіленген затты қолданғанын көрсететін мән-жайлар анықталған жоқ.
– Оқиғаға қатысты екінші азамат кәмелетке толмаған болып шықты. Ол қолхат арқылы өзі білім алатын оқу орнының жатақханасына жеткізілді. Ата-анасы Өскемен қаласына келген соң болған оқиғаның барлық мән-жайына тиісті құқықтық баға берілетін болады, – делінген ақпаратта.

Асыл АЙТБАЕВ
Фото: скриншот

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив