A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 15:45 0

1-сыныпқа қабылдау кестесі жарияланды: ШҚО-да 10-маусымда басталады

Бүгін / ШҚО

Қазақстанда 1-сыныпқа қабылдау бойынша жаңа пилоттық жүйе іске қосылады. Оқу-ағарту министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі балаларды мектепке қабылдаудың жаңа тәртібін бекітті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Жоба жүзеге асатын уақыт

Пилоттық жоба 2026 жылғы 27 мамырдан 31 тамызға дейін жүзеге асады. Жоба аясында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Алдын ала мектепке дайындық курсынан өтіп, сол мектепте оқуды жалғастырғысы келетін балалар ата-аналар өтініші бойынша автоматты түрде бірінші сыныпқа қабылданады. Баланы басқа мектепке ауыстыру кезінде құжаттар стандартты тәртіппен қабылданады.

Жүйе механизмі қандай?

Бұйрықта «Күту бөлмесі» атты жаңа электронды жүйе де қарастырылған. Егер бір мезетте өтініш тым көп түссе, пайдаланушылар автоматты түрде онлайн-кезекке жіберіледі. Ата-аналар өз кезегінің қозғалысын бақылап отыра алады. Сонымен қатар ата-аналар баланы 1-сыныпқа қабылдау туралы өтінішті, тіпті оң жауап алғаннан кейін де, электронды түрде кері қайтарып ала алады.

Құжат қабылдау кестесі:

1) Астана, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы – 27 мамыр – 31 тамыз;
2) Алматы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы10 маусым – 31 тамыз;
3) Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент – 18 маусым – 31 тамыз;
4) Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы – 29 маусым – 31 тамыз.

Фото: Dauletten.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив