A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 18:00 0

Жат ағымға қалай тосқауыл қоямыз? – Өскеменде арнайы жиын өтті

Бүгін / Өскемен

Қалада PVE Labs жобасының «Заң және тәртіп: жасөспірім құқықтық кеңістікте және экстремистік көріністердің алдын алу» тақырыбындағы жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жоба жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдық тәртіпке құрмет қалыптастыруға және агрессия мен деструктивті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған.
Іс-шараға мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, білім беру жүйесінің өкілдері, құқық қорғау саласының мамандары мен жастар қатысты. Жоба «FIPRO.KZ» қоғамдық даму ақпараттық қолдау қоры және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы (GIZ) серіктестігімен, PREVECA II өңірлік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев өңірде заң мен тәртіп идеологиясын түсіндіруге бағытталған жұмыстар тұрақты жүргізіліп жатқанын айтты.
– Жыл басталғалы заң мен қоғамдық тәртіп құндылықтарын насихаттауға арналған бірқатар ірі іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ прокуратурамен бірлесіп жастарға арналған жаңа жобалар қолға алынуда. Алдағы уақытта республикалық деңгейдегі фестиваль ұйымдастыру жоспарланып отыр, – деді ол.
Ақпараттық қолдау және қоғамды дамыту қорының директоры Ольга Свириденконың сөзінше, жобаның басты ерекшеліктің бірі – жасөспірімдерге арналған көшпелі құқықтық лагерьлер ұйымдастыру. 
– Онда қатысушылар прокурорлармен, ювеналды полиция қызметкерлерімен, психологтармен және бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен тікелей кездеседі, – деді ол.
Жоба тек Өскемен қаласын емес, облыстың бірнеше ауданын қамтиды. Оның ішінде тәуекел тобына жататын жасөспірімдермен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылады.
Айта кетейік, жоба Өскемен қаласынан бөлек, Алтай, Шемонаиха және Глубокое аудандарында жүзеге асады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастама жасөспірімдердің қауіпсіз ортада дамуына және құқықтық санасының қалыптасуына ықпал етпек.

Аяулым Сағиолда
Фотосурет автордікі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив