A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 09:30 0

Өскеменде «Музейдегі түн – 2026» халықаралық акциясы өтті

Бүгін / Өскемен

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай ел шығысында дәстүрге айналған «Музейдегі түн – 2026» халықаралық акциясы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Биыл іс-шара «Жасанды зерде және мұра» тақырыбында ұйымдастырылып, музей құндылықтарын насихаттау және жасанды интеллектті қоса алғанда заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.
Қонақтарға өңірдегі шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы ұсынылды. Сахнада Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының «Дарабоз» триосы, «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің DANCE CLASS және «Подснежники» би студиялары, вокалдық ансамбльдер мен солистер, Шығыс Қазақстан драма және оперетта театрының әртістері өнер көрсетті.
Сондай-ақ «Робот мінезі» балалар сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды. Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледждің «Сән дизайны» мамандығы студенттері дайындаған «Алла Ильчунның 100 жылдығына: Стиль мұрасы» дефиле көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды.
Келушілер үшін көрме, шеберлер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, арт-аймақтар, жасанды зердемен жасалған суреттер көрмесі, роботтар көрмесі, интерактивті аймақтар жұмыс істеді. Қонақтар фейс-арт, арт-терапия, карвинг, 3D-нысандар жасау, киіз және балауызбен жұмыс істеу, заманауи AI-технологияларды қоса алғанда сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерімен танысты. 
Цифрлық өнер көрмесі, «Уақыт алгоритмі» live-art перформансы, виртуалды экспоцизия, Глубокое ауданынан әкелінген роботтар көрмесі көрерменнің ерекше қызығушылығын тудырды.
Қосымша музейдің тарихи-өлкетану залдарында археология, этнография, жазу тарихы, әскери-патриоттық бағыттар бойынша танымдық ойындар, квестер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Акция ШҚ драма және оперетта театрының балет труппасы, аймақтың шығармашылық ұжымдары қатысқан мерекелік концертпен аяқталды. Қонақтарға арналған би кеші де өтті.
Осылайша, «Музейдегі түн – 2026» халықаралық акциясы өңірдің айтулы мәдени іс-шараларының бірі екенін тағы да дәлелдеп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер мен тарихи-мәдени мұрамен танысуға жаңа мүмкіндіктер сыйлады.

Ақпарат және фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив