A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 13:00 0

Жыл аяғына дейін елдегі әуе компаниялары жаңа 6 ұшақ алады

Бүгін / Республика

2026 жылы тағы 11 халықаралық бағытты ашу немесе қайта іске қосу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Отандық және шетелдік әуе компаниялар Қазақстанның халықаралық бағыттарын көбейтіп жатыр. 2026 жылы жаңа халықаралық бағыттарды ашу жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 4 жаңа рейс ашылды (Алматы–Шанхай, Астана–Ереван, Атырау–Ташкент, және Ақтау–Ереван). Сонымен қатар, 2026 жылы тағы 11 халықаралық бағытты ашу немесе қайта іске қосу жоспарланып отыр, — деді Нұрлан Сауранбаев.

Оның айтуынша, қазір әлемдік авиациядағы басты мәселелердің бірі — ұшақ тапшылығы. Жаңа ұшақты күту тым ұзақ.

— Мысалы, бүгін тапсырыс берсе, оны тек 8–10 жылдан кейін алады. Былтыр Америкада Boeing компаниясымен отандық компаниялар 15 млрд АҚШ долларына келісімге отырды. 2026 жылы 3 ұшақ сатып алынды, оның ішінде осыдан бір ай бұрын Scat авиакомпаниясына бір күнде 2 жаңа заманауи Boeing келген. Осы жылдың аяғына дейін қазақстандық авиакомпаниялардың паркіне тағы 6 ұшақ қосылады, — деді министр.

Бұған дейін қазақстандық әуе компанияларына Таяу Шығыстағы жағдай қалай әсер етіп жатқанын жазған едік. 

2025 жылы қазақстандық әуе компаниялар 15 млн жолаушы тасымалдады. Биылғы алғашқы 4 айда жолаушылар саны 4 млн-нан асты. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив