A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:30 0

Өскемен-Риддер тасжолының Зимовье маңындағы бөлігінде жөндеу жұмыстары басталады

Бүгін / Өскемен / Риддер

Бірнеше айдан бері жүргізушілер Зимовье ауылы маңындағы 15 шақырымдық шұңқырлы жолмен жүруге мәжбүр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көктемгі қардың еруі мен жаңбыр жағдайды одан сайын ушықтырған. Жол жеңіл көліктерді былай қойғанда, жүк көліктері үшін де қиындыққа айналды.
Екі құрылыс компаниясы өз міндеттерін орындай алмаған көрінеді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының жол құрылысы департаменті директорының орынбасары Алмас Қасеновтың айтуынша, енді жаңа мердігерлерді қайта іздеуге тура келеді.
– Біз жаңа мердігерлерді таңдадық. Жөндеуді риддерлік «Фирма Эталон» ЖШС компаниясы жүргізеді. Олар орта мерзімді жөндеуді аяқтап, ақауларды түзетеді. Олар жолдың 30-70 шақырым аралығындағы бөлігінде жұмысты бастайды. Техникалар жақын арада келеді. Сонымен қатар, екінші бөлім мамандары Зимовье ауылы маңындағы аяқталмаған құрылысты жөндеуге қатысады. Қазір жаңа мердігерлер дайындық жұмыстарын жүргізуде, – деді Алмас Қасенов. 
Бұл учаскеде бұрын жолдың бірнеше ойпаты анықталған еді. Қайталануын болдырмау үшін топырақтың көп мөлшерін қазып алу, тасты шұңқырларға қайта толтыру және дренаждық жүйелерді орнату қажет болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив