A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 11:45 0

Өскеменде үздік отбасы анықталады

Бүгін / Өскемен

Мамыр айында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне қатысуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Байқау отбасылық құндылықтарды қолдауға, неке институтын нығайтып, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыруға бағытталған. Бұл сайыста дәстүрлерді сақтайтын, қоғамдық және ерікті жұмыстарға, шығармашылық өнерге, спортқа қатысатын немесе аға буынға қолдау көрсететін отбасылар жеңіске жете алады.
Қатысу үшін отбасы құрамын, жанұялық өмір ұзақтығын, дәстүрді насихаттап, отбасы мүшелерінің жетістіктерін көрсететін өтінім толтыруы керек. 
– Өтінімге фотосуреттер, марапаттар, алғыс хаттар және екі минутқа дейінгі бейне презентация қоса тіркелуі қажет. 
Байқау үш кезеңнен тұрады. Алдымен қалалық комиссия Өскемендегі екі үздік отбасын таңдайды, – делінген ақпаратта.
Содан кейін облыстық кезеңде аймақты республикалық деңгейде таныстыру үшін бір жеңімпаз таңдалады. Марапаттау рәсімі 12 қыркүйекте, Отбасы күні қарсаңында өтеді. Жеңімпаздарға дипломдар табысталады.
Өтінімдерді 15 мамырдан 15 маусымға дейін тапсыруға болады.
Құжаттар Чехов көшесі, 33, 4 кеңсе мекенжайында; 265119ops@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7232) 26-47-68 нөміріне немесе WhatsApp: 8-705-526-16-40 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив