Ол «Travel the world» туристік агенттігін құрып, әлеуметтік желілерде БАӘ, Египет және Түркияға қолайлы бағамен саяхаттарды жарнамалаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Адамдар оған сеніп, ақша төлегенімен ешкім саяхаттай алмады.
ҚР Бас прокуратурасы мәліметінше, ер адам барлығы 13 адамды сан соқтырған. Жалпы шығын 20 миллион теңгеге жетті.
Сот ер адамды ірі көлемде алаяқтық жасады деп кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Апелляциялық сот рақымшылық туралы заңды қолданып, жаза мерзімін төрт жылға дейін қысқартты.
Алайда Бас прокуратура хабарлағандай, сот шешімдерін қарау кезінде рақымшылықтың дұрыс қолданылмағаны анықталды. Прокурордың апелляциялық шағымынан соң апелляциялық сот шешімі жойылып, жаза мерзімі бес жылға дейін ұзартылды.
Пікірлер