Алғашқы төрт айда Өзбекстанға 4 миллионнан астам шетелдік турист саяхаттап келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 4 айда шетелдік туристердің саны 29,9%-ға өсті. Саяхатшылардың көбі Қырғызстан (1,14 млн адам), Тәжікстан (965,4 мың адам) және Қазақстаннан (935 мың адам) келген.
Сондай-ақ Ресей (341,8 мың адам), Ауғанстан (161,5 мың адам) және Қытай (132,2 мың адам) азаматтарының үлесі басым.
Комитеттің мәліметінше, саяхатшылардың көбі Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларының көрікті жерлерін аралаған.
Пікірлер