Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «Есептегі элемент» жедел алдын алу іс шарасын өткізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұндағы басты мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту. Іс-шара барысында есепке алынған адамдар тексеріліп, олардың деректері жаңартылып, белгіленген тәртіпке сәйкестігі қадағаланады.
– Жедел алдын алу іс шарасы профилактикалық жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Жүйелі тәсіл қызметтің тиімділігін арттырып, құқықтық тәртіпті нығайтады, – деді Солжағалау аудандық пробация бөлімі басшысының орынбасары Гүлжан Мұхтарбекқызы.
Есепке алынған адамдармен, әсіресе пробацияда тұрған адамдармен профилактикалық жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл тек белгіленген талаптардың орындалуын бақылауға ғана емес, сонымен қатар ықтимал құқық бұзушылықтарды алдын алуға да көмектеседі.
– Есепке тұрған адамдарды тексеру тәуекелдерді уақтылы анықтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және өңірдегі профилактикалық жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деді Пробация қызметінің аға инспекторы Диана Жупарканова.
Пікірлер