A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:30 0

Өскеменде «Ауылға қонған тікұшақ» кітабы көрерменге жол тартты

Бүгін / Өскемен / Руханият

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Баян-Өлгейден арнайы келген ақын, жазушы Алаш Кеңшілікұлымен кездесу кеші өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Киелі Алтайдың арғы бетінен ат арытып келген қаламгермен болған рухани жүздесуге зиялы қауым өкілдері, әдебиет сүйер оқырмандар, жастар мен кітапхана қонақтары қатысты. Кеш барысында Алаш Кеңшілікұлы өзінің шығармашылық жолы, туған жер, ұлт руханияты, қазақ әдебиетінің бүгіні мен болашағы жайлы кеңінен әңгімелеп, көрермен сауалдарына жауап берді.
– Жазушының терең ойлы толғамдары мен шынайы әңгімелері оқырман қауымға ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар шарада қаламгердің «Ауылға қонған тікұшақ» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. Нұртай Тілеужан, Әскерхан Ақтай сынды қаламгер ағалары кеш иесіне ақжарма тілектерін ақтарып, иығына шапан жапты, жаңа кітапқа ақ жол тіледі, –  деді ұйымдастырушылар.
Алаштың өнердегі аға-бауырлары ыстық тілектерін жолдап, мерейін асырса, әнші, «Мәдениет саласының үздігі» Бақытгүл Исаева әсем әндерімен көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады.  
Әралуан сұрақ қойған жастарға автор өзінің  кітабын сыйға тартты. Кездесу соңында ұлттық әдебиет пен руханиятты насихаттаудағы еңбегіне ризашылықтарын жеткізіп, кітапхана басшылығы атынан Алаш Кеңшілікұлына Алғыс хат тапсырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив